Бір күнде 61 адамнан КВИ анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 61 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 19-ы Атырау қаласынан және 42-сі Теңіз кенішінен.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың бәрінде ауру симптомсыз түрде, бір науқаста ғана симптомды өтуде.

Індет жұқтырғандардың біреуі ауру белгілері бойынша медициналық маманға өз еркімен жүгінген.

Соңғы мәліметке сәйкес, кеше коронавирустан 11 науқас емделіп шықты.