Түркиямен әуе қатынасы қысқарады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, Түркиямен арадағы әуе рейстерін қысқарту туралы шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 30 қарашадағы шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын, эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, 2020 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан және Түркия арасындағы екі елдің әуе компаниялары орындайтын рейстер саны аптасына 20-дан 10 рейске дейін қысқартылады.
Рейстер екі елдің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Қазақстан және Түркия әуе компанияларының рейстер кестесіндегі өзгерістер туралы әуе компанияларының анықтама қызметтерінен немесе билеттерді сатып алған орындардан нақтылау керек.