Мемлекеттік қызметшілер аллеясы ашылды
Атырауда Әйтеке би көшесіндегі «Нұр Отан» партиясы ғимаратының жанында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік қызметшілер аллеясы ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты.
Ол жерге тәуелсіздік алған күннен бастап еліміздің мемлекеттік қызметінің 3 даму кезеңін қамтыған 11 шыны көрме стенді орнатылған.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімовтің айтуынша, аллеяға орналастырылған стендтер – мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен транспаренттілігінің көрінісін сипаттайды. Және бұл алаңда мемлекеттік қызметке қабылданғандар ашық аспан астында ант береді.