Атырау облысында кеше 17 адам КВИ-н жұқтырды

Өңірде өткен тәулікте 17 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың үшеуі – Атырау қаласынан, сондай-ақ, 11 жұмысшы Теңіз кешенінен және Жылыой, Индер, Құрманғазы аудандарынан бір адамнан тіркелген.
Науқастардың алтауында ауру симптомды, 11-інде симптомсыз түрде өтуде.
Сонымен қатар, кеше үй жағдайында ем алып жатқан 3 адам коронавирус инфекциясынан айықты.
Қазіргі уақытта 153 адам үй жағдайында емделіп жатырса, облыстық инфекциялық стационарда – 36, аудандағы инфекциялық стационарда – 7, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 46 адам ем қабылдауда.