Желтоқсанда қазақстандықтар 11 күн демалады
Sputnik.kz-тің хабарлауынша, биыл желтоқсан айында қазақстандықтар екі мереке атап өтеді. Олар Тұңғыш президент күні және Тәуелсіздік күні.
Алғашқы демалыс сейсенбі, 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні болады.
Бұдан соң тұрғындар 5, 6, 12, 13 желтоқсан, яғни сенбі–жексенбі күндері демалады.
16 – 19 желтоқсан аралығында да демалыс. Сәрсенбі, 16 желтоқсан – Қазақстан тәуелсіздігі күні. Тұрғындар 17 желтоқсанда да жұмыс істемейді. 18 желтоқсан күні жексенбінің орнына демалады. 19 желтоқсан, сенбіге түскендіктен, жұмыс болмайды. Ал 20 желтоқсан, жексенбі күні қазақстандықтар жұмысқа шығады.
Келесі сенбі – жексенбі, яғни 26, 27 желтоқсан күндері 2020 жылдағы соңғы демалыс күндері болады.
Желтоқсан айында қазақстандықтар барлығы 11 күн демалады.