Кеше 14 адамнан коронавирус анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 14 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың 5-еуі – Атырау қаласынан, 8-і – Индер ауданынан, ал Исатай ауданынан 1 адам тіркелген.

Коронавирус жұқпасымен науқастанған біреуінде ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде.

Кеше аймақта коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар тіркелмеді.

Қазіргі уақытта 99 адам үй жағдайында ем алып жатырса, №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 32 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 24 адам ем қабылдауда.

Covid-19 пандемиясы басталғалы бері Атырау облысында 11 435 адамнан індет анықталған, оның 11 202-сі емделіп шықты.