«Еңбек» бағдарламасына 547 млрд. теңге бөлінді
«Еңбек» бағдарламасын іске асыруға 4 жыл ішінде 547 млрд. теңге бөлінген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Біржан Нұрымбетовтың мәліметінше, мұның барлығы нақты мақсатқа қарастырылған қаржы. Сәйкес қаражаттың 83%-ы қатысушыларға несиелер, гранттар, субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілгендерге жалақы, қоныс аударушыларға көшуге және тұрғын үйді жалға беруге субсидия түрінде, стипендия ретінде беріледі.
– Қалған сома білім беру ұйымдарына бағытталады, сондай-ақ, қоныс аударушылар үшін тұрғын үй салу және сатып алу бойынша шығындар да өтеледі. Жалпы қаржының 63%-ы кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалады. Себебі бұл қадам жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға ықпалын тигізеді, – дейді ол.