Құстардың кесірінен Атыраудағы айлаққа қайта қонуға мәжбүр болды
Атыраудан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан ұшақ топтасып ұшқан құстармен соғысып, командир әуе кемесін кері қайтарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
– Атырау-Нұр-Сұлтан рейсін орындау кезінде көкке көтеріліп бара жатқан әуе кемесі топтасып ұшқан құстарға соғылған. Болжам бойынша үйректер мен қаздар. Әуе кемесінің командирі Иван Карпович штатты режимде ұшақты ұшып шыққан портқа қайтару туралы шешім қабылдап, әуежайға келіп қонды, – деді SCAT әуе компаниясының қызметкері.
Кеше кешкі сағат 22:05-те 115 адаммен ұшып шыққан ұшақ 22:17-де қайта қонған.
Әуе кемесінің командирі 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі маман.
Әуежайға қайтып оралған жолаушылардың кейбірі билетін басқа күнге ауыстырса, басқаларына билеттің ақшасын қайтарылды.