Грузияда 7 жылға сотталған азамат Атыраудан ұсталды
Атырау полицейлері 3 қараша күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Грузия елінің 35 жастағы азаматын ұстады.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2012 жылдың желтоқсанынан бастап грузин полициясы оған алаяқтық қылмысы үшін іздеу жариялаған.
2017 жылдың мамыр айында Тбилиси соты оны сырттай 7 жылға бас бостандығынан айырған. Өз елінің құқық қорғау органдарынан сегіз жыл бойы ізін жасырған азамат қазіргі уақытта Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Оны еліне экстрадициялау мәселесі шешілуде.