Сарбаздар үйлеріне қайтуда

1 жыл шынайы әскери мектептен өткен сарбаздар Атыраудан туған жерлеріне қайып жатыр. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Атырау гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде сарбаздардың туған жерлеріне оралуына байланысты салтанатты түрде жауынгерлік тумен қоштасу рәсімдері өткізілуде. Атырау гарнизонының 70 сарбазы алғашқылардың бірі болып үйлеріне салтанатты жағдайда шығарып салынды.
Іс-шараға өңірлік қолбасшылықтың басшылығы, бөлім офицерлері мен сарбаздар, сондай-ақ, Қарулы Күштер ардагерлері қатысып, сарбаздарға соңғы алғыстары мен тілектерін айтты.
Бір жыл ішінде сарбаздар әскери мамандықтарды игерді. Жауынгерлік дайындықта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, ауқымды арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар мен «Алтын жебе» кешенді тексерісіне қатысты. Жауынгерлер қару-жарақты шебер меңгере білді және далалық жағдайда өмір сүруге үйренген. Сонымен қатар, запасқа шығарылғандар арасында келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруға шешім қабылдағандар да бар.