Өңірде өткен тәулікте 12 адам індет жұқтырды
Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 адам анықталды. Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 9-ы Атырау қаласынан, үшеуі Теңіз кенішінен тіркелген.
Коронавирус жұқпасымен науқастанған 5 адамда ауру симптомды болса, жетеуінде симптомсыз түрде өтуде.
Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 5 адам және №2 Атырау облыстық инфекциялық стационардан 2 емделуші жазылып шықты. Қазіргі уақытта 98 науқас үй жағдайында емделуде.