Сапасыз интернет үшін айыппұл төлейді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет сапасы нашар болса интернет-провайдерлер мен операторларға айыппұл салынатынын айтты. Бұл туралы kaz.tengrinews.kz хабарлады.
– Интернет сапасы бойынша қызмет көрсететін кейбір провайдер немесе оператор үшін параметрлерді бекітеміз. Сапа параметрлерін орындамайтындарға айыппұл салынады. Айыппұл қазіргідей 100 АЕК емес, бірнеше есе ұлғаяды, – деді Мусин ОКҚ онлайн-брифингінде.