20 әлемдік бестселлер қазақшаға аударылады

Балалар әдебиетінің 20 әлемдік бестселлері қазақшаға аударылады. ҚазАқпараттың мәліметінше, бұл туралы Ақордада өткен Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтқан.
– Күні кеше Ұлттық сенім кеңесінің кезекті отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мектеп жасындағы балаларды кітап оқу әдетіне үйрету қажеттігін баса айтты. Сондықтан біздің министрліктің бастамасымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қатысуымен балалар әдебиетінің 20 әлемдік бестселлерлерінің тізімі жасалып, ішкі қаржылық мүмкіндіктерді қарастыра отырып, аударманың аудио электрондық нұсқасын жасау туралы шешім қабылданды. Алдағы уақытта оларды басып шығару мәселесі бойынша Білім және ғылым министрлігі өз үлесін қосады деген сенімдеміз, – деді министр.