Биыл жемқорлар мемлекетке 20,8 млрд. теңге шығын келтірді
2020 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қайшы қылмыстық істерден 20.8 млрд. теңге залал келген. Бұл туралы ranking.kz жазды. Залал мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 34.4%-ға артқан.
20,8 млрд. теңгенің 68,8% немесе 14,3 млрд. теңгесі – жұмысқа немқұрайлы қараған адамдардың тигізген залалы. Тікелей пара алғандар 1.9 млрд. теңге зиян тигізген. Бұл көрсеткіш тоғыз ай ішінде 46,2 есеге көбейген.
2020 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында ел бойынша сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік мүддеге қарсы 1,7 қылмыс тіркелген. Осы істердің 1,1 мыңы пара алуға қатысты болды. Оның ішінде 603 адам пара алса, 500 адам пара берген, 46 адам парақорлар арасында делдалдық жасаған.