Атырауға шетелден ПТР қорытындысы жоқ 37 жолаушы ұшып келген

Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің мәліметінше, Атырауға 20 – 25 қазан аралығында шетелден Стамбул – Атырау, Ташкент – Атырау, Амстердам – Атырау бағытында 4 әуе рейсі ұшып келді. Халықаралық әуе рейспен барлығы 456 адам жеткізілген.
Әуе рейсімен келген жолаушылардың арасында шетелдіктер жоқ, барлығы – қазақстандықтар. Олардың 37-інде COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан, карантиндік стационарларға жатқызылған.
Жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынды, қорытындысы теріс мәнді көрсетті. Ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.