76 келі бекіремен ұсталды
Атырауда «Бекіре» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Балық өнімініӊ заӊсыз айналымын анықтауға бағытталған аталмыш шара барысында полиция қызметкерлері қалаға кіреберіс Сарыөзек ауылы тұсында «Лада Приора» автокөлігін тоқтатқан.
Исатай ауданының 48 жастағы тұрғыны басқарған көлікті тексеру барысында, жалпы салмағы 75 келі 600 грамм бекіретұқымдас балық табылды. Балықтың жүргізушіге немесе көлікте отырған 28 жастағы азаматшаға қатыстылығы анықталуда.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Жалпы іс-шара басталған 10 қыркүйектен бері 105 құқықбұзушылық, оныӊ ішінде 102 заӊсыз балық аулау, 3 балық өнімдерін тасымалдау фактілері анықталып, 109 құқықбұзушы ұсталды.
Заңсыз айналымнан 1 тонна 734 келі балық, оныӊ 1 тонна 95 келісі – бекіретұқымдас балық, 2 келі қара уылдырық алынды.