Емхана жанынан мобильді топтар құрылады
Емханалар жанынан мобильді топ құрылып, науқастардың үйіне барып қызмет көрсетеді. Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
№3 Атырау қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Клара Жасақбаеваның мәліметінше, құрылған топ науқастарға дәрі-дәрмектерді апарып беріп, кейін бейне байланыс арқылы науқастың жағдайын қадағалап тұрады.
⠀
Мобильді топ құрамында фельдшер, жалпы тәжірибелік дәрігер және психолог болады. Ал созылмалы ауруы бар науқастар болса оларда короновирус жұқпасы ауыр өтетіндігі алдын ала қаралып, арнайы комиссия құрылады. Науқастың ауруының күрделілігіне қарай ем тағайындалып, қажет болса ауруханаға жатқызылады. Науқаста дене температурасы жоғарылап, құсу, іші ауыру белгісі болса, ең алдымен температура түсіретін дәрі ұсынылады. Екінші кезекте қанды сұйылтатын, одан кейін науқаста бактериалдық пневмония байқалса алгоритм бойынша антибиотиктер тағайындалады.
⠀