Бейімдеу орталығына 43 жасөспірім орналастырылды
Атырау полицейлерімен кәмелетке толмағандардың қараусыз және панасыз қалуының алдын-алу мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырылды.
Ювеналды полиция қызметкерлерімен 14 қыркүйек күні 2004 жылғы жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Ол Шымкент қаласынан Атырау қаласына «Индрайвер» такси арқылы келіп, қалада қаңғыбастықпен айналысқан.
Сонымен қатар, Индер ауданының Полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторлары ата-анасы 1 аптаға таныстарына тастаған 2008 жылғы жасөспірімді анықтады. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның жедел отырысында, жасөспірім ата-анасының бала тәрбиесімен тисініше айналыспауының 4 рет қайталануына орай, 6 ай мерзімге ата-аналық құқығынан шектеу туралы полиция ұсынысы қанағаттандырылды.
Жыл басынан кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 43 жасөспірім орналастырылған.