Жапония қартайып барады
Жапонияда 100 жасқа толған 80 мыңнан аса адам тіркелді. Бұл туралы Kyodo басылымы хабарлады.
Жапонияның Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі жариялаған мәліметтерге сәйкес, жүзжылдықтар саны өткен жылмен салыстырғанда 9 176 адамға артып, 80 450-ге жетті. Бұл ретте жалпы санның 88,2 пайызы – әйелдер.
Дереккөз мәліметінше, бұл рекордтық көрсеткіш. 2019 жылы Жапонияда өмір сүрудің орташа ұзақтығы әйелдерде 87,45 жыл, ал ер адамдарда 81,41 жыл болған.