Масаң күйде құжатсыз көлік жүргізген

Атыраудың тәртіп сақшылары үш күннің ішінде 3 мас жүргізушіні тоқтатқан. Оның екеуінің бұдан бұрын да жүргізуші куәлігінен айырылғандары анықталды.
31 тамыз күні таңертең Атырау қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Гидромед» арнайы техникасын тоқтатқан. Тексеру барысында 48 жастағы жүргізуші-оператордың мас күйде екені анықталып, оған әкімшілік хаттама толтырылды. Және сот шешімімен жүргізуші автокөлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
2 қыркүйек күні түн ішінде патрульдік полицейлер «Chery» және «Ваз-2113» автокөлігін басқарған екі мас жүргізушіні ұстады. 27 және 47 жастағы екі жүргізуші де бұрын мас күйінде жүргізгендері үшін жүргізуші куәлігінен айырылғандар. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабымен «көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша қажетті құжаттар жинақталып, сотқа жолданды.