Жалақы бермей жауапқа тартылды
Атырауда кәсіпорын жұмысшыларына 56 млн. теңгені кешіктіріп төлеген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметіне қарағанда, ҚР Еңбек Кодексінің 113-бабына сәйкес жалақы төлеу мерзімін сақтамай, кешіктіру деректері әлі де кездеседі.
Атырау қалалық прокуратурасы мен Еңбек инспекциясының бірлескен тексеру кезінде еңбек заңнамасын бұзу, оның ішінде жалақыны уақтылы бермеу немесе кешіктіру фактілері анықталған. Мысалы, Еркінқала ауылдық округіндегі №37 «Болашақ» бөбекжай-бақшасының қызметкерлеріне мамыр айына 4 277 639,0 теңге еңбекақы төленбесе, «Атырау НефтеМаш» ЖШС-нің 327 қызметкеріне маусым айында 56 114 706 теңге көлемінде еңбекақыны төлемегені анықталды.
Аталған заң бұзушылықтар бойынша жауапты қызметкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 87-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылып, қызметкерлерге еңбекақы толығымен төленді.