Қызыл кітапқа енгізілген 118 келілік балық ауланды
Атырауда салмағы 118 келі болатын қорытпа балығы бекіре зауытына тапсырылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
31 тамызда «Амангелді» өнеркәсібі балықшылары кіші Дамбы тартымынан салмағы 118 келі болатын қорытпа балығын аулап, оны «Жайық Атырау бекіре» зауытына тапсырды. Қазір балықтың жынысы мен жасы анықталуда.
Сиреп бара жатқан бекіре тұқымдас мұндай балықтар Қызыл кітапқа енгізілген. Бүгінде олар тек ғылыми-селекциялық бағытта ғана ауланады.