Жолаушы тасымалдаған автобус тоқтатылды
Карантин кезінде Атырау – Шымкент бағытында жолаушы тасымалдаған автобус анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
4-тамыз сағат 19:30 шамасында Атырау полицейлері республикалық маңызы бар Атырау – Орал тасжолының 9-шақырымында жолаушылар тасымалдайтын автобусты тоқтатқан.
Тексеру барысында, Түркістан облысы түрғыны, 35 жастағы жүргізушінің Атырау – Шымкент бағыты бойынша 30 жолаушымен жолға шыққаны анықталды.
Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалааралық жолаушылар тасымалдауға тыйым салынғанына қарамастан, карантин режимін бұзғандарға қатысты жинақталған құжаттар Атырау қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.