Атырауда алтын қымбаттады
Алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар бір жыл ішінде шамамен 10%-ға қымбаттады. Ең қымбат баға Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтау қалаларында тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Маусым айында зергерлік және оған ұқсас бұйымдар өндірісі 62,6 млн. теңгені құрады. Ал мамыр айында көрсеткіш бұдан да төмен болып, 55,5 млн. теңгені құраған.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметі бойынша, өткен жылдың маусымында өндірістің нақты өсімі 3,3% болды.
2020 жылдың маусым айында еліміздің ірі қалалары мен мегаполистеріндегі алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың орташа бағасы бір грамм үшін 18,3 мың теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы бағаға қарағанда 9,5%-ға көп. Сары металдан жасалған ең қымбат зергерлік бұйымдар Нұр-Сұлтан, Атырау мен Ақтау қалаларында болып отыр.