Фактчекингке арналған сайт ашылмақ
Фактілерді мұқият тексеріп, ақпараттардың шын-жалғанын анықтап, нәтижесінде олардың фейк, манипуляция, арандату екендігін жариялайтын www.stopfake.kz жаңа интернет-ресурсы іске қосылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.
StopFake бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, байланыс каналдарында таратылған ақпараттардың шынайылығын анықтап, талдап, зерттеу нәтижелерін көрсетеді.
Сайттағы «Жалған ақпарға шағымдану» функциясы арқылы кез келген адам редакцияға хат жолдап, ақпараттың мүмкін еместігі туралы шағым жібере алады. Редакторлар оның жалғандық дәрежесін анықтап, бұл туралы жаңалықтарды веб-сайтқа жариялайды.
StopFake интернет-ресурсы қоғамды дұрыс ақпараттандыруға, ақпараттық манипуляциялармен, қате, жалған ақпараттармен күресуге бағытталған.