Жанұялық жанжалға байланысты қоңырау көбейген
Атырау облысы полиция департаменті Жергілікті қызметі басқармасының басшысы Әлібек Қайыров Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинге карантин басталғалы Атырауда қылмыс азайғаны туралы хабарлады.
— Атырауда қазіргі кезде қылмыс деңгейі төмендеді. Бүгінгі уақытта 102 операторына түнгі тыныштықты бұзу, жанұялық жанжалға байланысты қоңыраулар көп түсуде, — деп атап өтті спикер Әлібек Қайыров.
Карантин режимін сақтау мақсатында бүгінде Атырауда полиция құрамымен бірге әскери бөлімдер, денсаулық сақтау саласы бірлескен жұмыс жүргізуде.
Атырау қаласында және Теңіз кенішінде барлығы 8 блок-пост жұмыс істеп тұр. Шектеу бекеттері жұмысына қосымша дрон қондырғылары пайдаланылуда.