Аймақ - 22.12.2023

Жылыой ауданының әкімі аудан халқымен кездесті

Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудан əкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары, құқық қорғау орган өкілдері және коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер басшылары қатысты, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан басшысы кездесу барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Жыл басынан бері 3 кездесу ұйымдастырылып, 90 мәселе көтерілген. Оның ішінде 22 мәселе орындалып, 15 мәселе бойынша объективті жауап берілген. Қалған 45 мәселе бойынша жұмыстар атқарылып жатса, 9 мәселе шешімін таппаған.

Аудан басшысы Жұмабек Қаражанов кейін қала тұрғындарының талап-тілектерін тыңдады. Қала тұрғындары өздерін толғандырып жүрген бірқатар мәселелерді көтерді. Кездесу аяқталған соң, аудан әкімі жеке қабылдау өткізді.

Құлсары қаласындағы басқосудан соң аудан әкімі Майкөмген ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге әдеттегідей əкімнің орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары, құқық қорғау орган өкілдері және коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер басшылары қатысты.

Жұмабек Қаражанов кездесу барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Жыл басынан бері 3 кездесу ұйымдастырылып, 22 мәселе көтерілген. Оның ішінде 6 мәселе орындалып, 6 мәселе бойынша объективті жауап берілген. Қалған 7 мәселе бойынша жұмыстар атқарылып жатса, 4 мәселе шешімін таппаған.

Аудан басшысы кейін ауыл тұрғындарының талап-тілектерін тыңдады. Ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген бірқатар мәселелерді көтерді.

Кездесу аяқталған соң, аудан әкімі айтылған мәселелер бойынша нысандарды аралады.