Шетел азаматын қамауда ұстап, ақша бопсалағандар тұтқындалды
15 желтоқсан күні Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратқа сәйкес жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1993 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматын күш қолдану арқылы заңсыз ұстаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Олар қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 30 жастағы шетелдікті ұрып-соғып 1100000 теңгесін бопсалап, банк есепшоттарына аударуды талап еткен. Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.
1987 және 1991 жылы туған Өзбекстан және Қазақстан Республикасының азаматтары күдікті деп танылып, қамауға алынды. Оларға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігімен, 126-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.