Жаңалықтар - Заң - 21.12.2023

Құлсарыдағы қанды оқиға: енесі күйеу баласын пышақтады (ВИДЕО)

Кеше кешкі сағат 19:00 шамасында полицияға Құлсары қаласында 1966 жылғы әйел адамның пышақпен 1996 жылғы жас жігітті ішінен жарақаттағаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 1986 жылы туған әйел адам азаматтық некедегі жолдасын өзінің анасы асүй пышағымен жарақаттағанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен құқыққорғаушылар отбасылық жанжалдың кесірінен 1966 жылғы әйелдің 1996 жылғы жігітке пышақ сұғып, ер адамның сол маңда қайтыс болғанын анықтаған.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Бір ескерер жайт, аталған отбасыда бұған дейін де бірнеше рет жанжал болғаны анықталып отыр. Тіпті, қайтыс болған жігіттің қаңтар және сәуір айларында екі мәрте әкімшілік қамауда жатқаны белгілі болды.