Аймақ - 05.12.2023

Бірлік, Дамбы, Химпоселоктағы спорт кешендері жыл соңына дейін ашылады

Атырау облысы бойынша биыл жыл соңына дейін үш спорт кешені үш спорт кешені пайдалануға берілмек. Тағы біреуі осыған дейін ел игілігіне берілген еді, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дастанбек Қоспановтың айтуынша, «Атырау облысы әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары», «Аумақтық даму бағдарламасы», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында 2023–2027 жылдары облыс көлемінде 26 спорт кешенінің құрылысы жоспарланған.

– Биыл облыс бойынша 4 спорт кешенін салу жоспарланды. Олар Исатай ауданында, Атырау қаласындағы Дамбы, Химпоселок, Бірлік ауылдарында деп бекітілді. Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылындағы спорт кешені пайдалануға берілді. Қалған 3 спорт кешенін жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап отырмыз, – деді Д. Қоспанов.

Сондай-ақ, ол 2024 жылы 11 спорт кешенін салу жоспарда бар екенін айтты. Атап айтсақ, Атырау қаласының Ақсай, Жаңаталап ауылдары, Индер ауданының Көктоғай ауылы, Қызылқоға ауданының Қарабау, Тасшағыл, Қоныстану, Жасқайрат ауылдары, Исатай ауданының Хамит Ерғалиев ауылы, Махамбет ауданының Таңдай ауылы, Құрманғазы ауданының Сүйіндік, Нұржау ауылдарында бой көтермек. Ал 2025–2027 жылдары аралығанда тағы да 11 спорттық кешен салу жоспарланған.