Спорт - 30.11.2023

«ASU Cup» турнирінің жеңімпаздары анықталды

Волейболдан студенттер арасында өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

«ASU Cup» турнирін қорытындылай келе, жүлделі I орынды Атырау жоғары медициналық колледжі иеленді. Ал Индер көпбейінді ауыл шаруашылық колледжі II орынмен, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі III орынмен марапатталды.

Сондай-ақ, «Үздік ойыншы» номинациясы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің ойыншысы Гүлжанат Жеңісқызына, «Үздік тосқауыл қоюшы» номинациясы Индер көпбейінді ауыл шаруашылық колледжінің студенті Нұрасбек Сәлімгерейге табысталды.

Сонымен қатар, «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінің қатысушысы Қасиет Канибаев «Үздік шабуылшы», Атырау жоғары медицина колледжі командасының мүшесі Өркен Серікұлы «Үздік байланыстырушы» номинациясын иеленді.