Атырауда сиыр ұрлаған 3 адам бас бостандығынан айырылды

Мал ұрлығын ескерту және ашу, жедел жағдайды тұрақтандыру және жауапты аумақтық қызметтерімен бірлесіп, мал ұрлығының алдын алу, жолын кесу мақсатында Атырау облысы көлемінде 27–29 қараша аралығында қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Іс-шараның мақсаты – мал ұрлығының алдын алу, ашу, мал ұрлаумен айналысатын тұлғаларды анықтау.

Мал ұрлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырғаны жасырын емес. Төрт түлік мал көбіне қараусыз жайылатын жерлерден кешкі уақытта ұрланады.

Мысалы, қараша айында «102» операторына Атырау облысы, Қызылқоға ауданының тұрғыны қоңырау шалып, Тасшағыл ауылының жайылымында жүрген 2 бас сиыр малын таба алмай жүргендігі жөнінде хабарлаған. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, ұрланған сиырлар қалада орналасқан мал сою орнының бірінен табылып, күдіктілер бұрын сотталған 1987 және бұрын сотталмаған 1986, 1990 жылы туған Атырау облысының тұрғындары Қызылқоға аудандық полиция бөлімнің Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сонымен қатар, тексеру кезінде бұрын сотталған 1987 және бұрын сотталмаған 1986 жылғы күдіктілердің Қызылқоға ауданы, Ойыл ауылдық округінен жайылымда жүрген 2 бас сиыр малын ұрлағаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1 бабының 2-ші бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалып, айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот үкімімен 1986, 1987 жылғы күдіктілерге қатысты «5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру», ал 1990 жылғы күдіктіге қатысты «3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу» түріндегі жаза қолданылды.

Осыған байланысты Атырау облысы полиция департаменті мал ұрлығын болдырмау үшін өңір тұрғындарына жануарларды қараусыз қалдырмауға, қора орындарын қорғау құралдарымен жабдықтауға кеңес береді.