Доссор жарқырай түсті

Мақат ауданы, Доссор кентіндегі «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ЭЧ-4 мекемесіне қарасты аудандарда ескірген электр желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, құрылғылар жаңартылды. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлайжы.

«Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ Инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінің басшысы Динара Қуанышеваның мәлімдеуінше, жоба құны 24,3 млн теңгені құраған.

– Құрылыс жұмыстары «Бейнеугаз» ЖШС мекемесінің мердігерлігімен өткен жылдың сәуір айында басталды. Бүгінде 1 шақырым 554 метр 10/0,4 кВ әуе және кабель желісі жүргізіліп, қалалық типтегі трансформаторлық қосалқы станциясы КТПГ-160-тың 1 данасы орнатылды, – деді Д.Қуанышева.

Нәтижесінде, биыл Доссор кентіндегі вокзал маңы көшелерін жаңа электр желілерімен жабдықтау жұмыстары аяқталып, қараша айында пайдалануға берілді.