Атыраулық студенттерді полицей болуға шақырды
Атырау облысы Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция подполковнигі Нұржан Шаеденов және Кадр саясаты басқарманың бөлім бастығы полиция майоры Гүлім Аманжолова Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік универститетінің студенттерімен кездесті. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлайды.
Кездесуге университеттің экономика және құқық, физика, математика және акпараттық технологиялар, инновациялық білім беру факультеттерінің бітіруші түлектері қатысты.
Жиын барысында студенттерге ішкі істер органдарына кызметке орналасу тәртібі мен ережелері, қызмет атқарудың ерекшеліктері және әлеуметтік корғалуы жөнінде ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу – ішкі істер органдарының негізгі міндеттерінің бірі екені түсіндірілді.
Жалпы, Атырау облысының полиция департаменті 18 жасқа толған, 35 жастан аспаған, жоғары немесе арнайы орта білімі бар азаматтарды ішкі істер органдарына қабылдап жатыр.
Айта кетейік, полиция қызметіне қабылданған азаматтар ай сайын тұрақты жалақымен, тегін медициналык қызметпен, тұрғынүйді жалға алғаны үшін ақшалай өтемақымен, тегін нысанды киіммен камтамасыз етіледі.