Білім - 15.11.2023

Робототехника: қазақстандық оқушылар жүлдегер атанды

Қазақстандық оқушылар Панама қаласында өткізілген робототехника бойынша дүниежүзілік World Robot Olympiad олимпиадасында жеңімпаз атанды. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлайды.

Роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды қолдауға арналған сайысқа 80-нен астам мемлекеттен келген 10–19 жас аралығындағы 6–11 сынып оқушылары қатысты.

Робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды. Олардың бірі – Future Engineers категориясында күміс жүлдегер атанған астаналық 10-сынып оқушылары Аңсар Сәуірбаев және Әмір Қарабаев.

Сондай-ақ, Robo Mission категориясында Астана қаласының 8–9 сынып оқушылары – Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Қапаров қола жүлдегер атанды.

Тағы бір қоланы Future Engineers категориясында Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары – Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев жеңіп алды.

 

Анықтама: Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурда 1-ші роботтар сайыс-фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.