Жер қойнауы туралы кодекске өзгерістер енгізіледі

Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан жер қойнауы туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарымен таныстырды. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлады.

Бұл өзгерістер құқық қолданудың 5 жылдан астам тәжірибесін ескере отырып, анықталған проблемаларды жоюға және жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Заң жобасының негізгі бағыттарына рәсімдерді нақтылау, мемлекеттік ақпараттық жүйелердің рөлін нығайту, шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ бюрократизация жөніндегі бастамаларды іске асыру кіреді.

Заң жобасы салалық саясатта дәйектілік пен болжамдылықты қамтамасыз ете отырып, 2018 жылғы жер қойнауын пайдалану реформасының тұжырымдамасына сәйкес келеді. Ұсынылған түзетулер сондай-ақ сабақтас заңнамадағы қайшылықтарды жоюды және мақсаттарға байланысты жер қойнауын пайдалану түрлерін институционалдық бекітуді қамтиды.

Бұл қадамдар жер қойнауын пайдалану саласында орнықты инвестициялық ахуалды қалыптастырудың маңыздылығын ескере отырып, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі, мүдделері мәселелерін сақтауға бағытталған.