Қызылқоға ауданына арнаулы техникалар алынды

Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов ауданның тазалығын қамтамасыз етіп отырған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне келген 11 дана арнайы техниканың алғашқы легінің кілтін табыс етті, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Облыс әкімінің тікелей қолдауымен аудандағы барлық елді-мекендерді абаттандыру-көгалдандыру, санитарлық жай-күйін қамтамасыз ету мақсатында келген арнайы 1 вакуум көлігі, 1 шағын жүк тиегіш, 15 тонналық өзі жүк түсіретін 3 КамАЗ көлігі, Liugong маркалы үш тонналық 1 тиегіш көлігі, Liugong маркалы бес тонналық 2 тиегіш көлігі, 18 кубтық қоқыс таситын 2 КамАЗ көлігі, 1 автогрейдер қажеттілікті қамтамасыз ету жолында үздіксіз жұмыстар жасауға жұмылдырылмақ.

Айта кетейік, қараша айының соңында арнаулы көліктер қатары тағы да 7 автокөлікпен толықтырылмақ. Олардың ішінде 1 қоқыс тасымалдағыш КамАЗ, 2 МТЗ тракторы, 2 гидрометр трактор, 1 вакуум, 1 гидромек трактор, 1 өзі жүк түсіретін КамАЗ автокөлігі бар.