Атырауда синтетикалық есірткіге қарсы Telegram-бот іске қосылды

Атырауда синтетикалық есірткінің таралуын болдырмау үшін StopSyntheticAtyrauBot атты telegram бот іске қосылды. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлайды.

Бұл ботта тұрғындардың жеке дерегі құпиялылығын сақтайды. Осылайша олар есірткі граффитилері заңсыз ілінген орынның мекен-жайы немесе орналасқан нүктесі туралы ақпарат жібере алады. Сіз жолдаған хабарлама құқыққорғау органдарына жіберіліп, жарнамалар дереу жойылады. Сондай-ақ, тұрғындар есірткімен байланысты қылмыстар, оны тасымалдаушы азаматтар, есірткі құрамды заттарды сататын заңсыз интернет-дүкендерге де сілтемелер жібере алады.

Telegram бот анонимді болғандықтан, жіберушімен кері байланыс болмайды. Сондықтан ботқа ақпарат жібергенде қойылатын басты шарт – құқықбұзушылықтың фото немесе бейне жазбасы бар файлды тіркеу міндеттеледі. Бот мекенжайы: http://t.me/StopSyntheticAtyrauBot

Жоба Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен жүзеге асырылды.