Суицид жасамақ болған жігіт құтқарылды (+ВИДЕО)

Атыраудағы көпірлердің бірінен секірмек болған ер адамды құтқарылды. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлайды.

12 қараша күні сағат 17:52 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері көпірден өз-өзіне қол жұмсамақ болып, суға секіргелі тұрған азаматты байқап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Оқиға орнына патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Данабек Сақуов пен Болатбек Азимов 3 минут ішінде жеткенше оқиғаға бейжай қарамаған тұрғындар да көмекке келген. Қазіргі уақытта 31 жастағы ер адаммен профилактикалық сұхбат жүргізіліп, шұғыл құтқару әрекетін жасалды.

Суицид жасамақ болған жігіттің 1993 жылы туған Батыс Қазақстан облысының тумасы екені анықталды. Қазір ол жедел-тергеу тобына тапсырылды.