Биыл Атырау облысына 21 537 адам көшіп келді

9 айлық көрсеткіш бойынша облысқа келгендер саны 21 537 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Құмарғалиев мәлім етті, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО, Өңірлік коммуникациялар қызметіне сүйене отырып.

Оның ішінде сыртқы көші-қон бойынша 466 адам көшіп келген. Бұл көрсеткіш өткен жылы 13 709 адамды құраған еді. Сәйкесінше, облысымызға көшіп келушілердің саны шамамен 9 000 адамға өсіп отыр.

– ТМД елдерінен 440 адам, атап айтсақ, 213 азамат Ресейден, 205 адам Өзбекстаннан, ал әлемнің басқа елдерінен 26 азамат көшіп келді. Қазақстанның басқа өңірлерінен 5 226 адам біздің өңірге қоныс аударды. Олардың ішінде 15,7% Астана қаласынан, 5,5% Түркістан облысынан, 18,4% Ақтөбе облысынан келді, – деді Н. Құмарғалиев.

Айта кетейік, облыс ішінде қоныс аударғандар саны 15 845 адамды құрап отыр.