Индер ауданының әкімі ауылдарға барды

Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов Бөдене және Жарсуат ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Сұрақ-жауап форматында өткізілген жиын тікелей эфир арқылы әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда жүргізіліп, ауыл шаруашылығы, жер, тұрғын үй және инженерлік коммуникация бойынша мәселелер көтерілді.

Кездесу барысында аудан әкімі Дарын Дүйсенбайұлы қос елдімекен тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныстарды бақылауға алынатынын, кейбір түйіткілді мәселелердің шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

Сонымен қатар, азаматтарға жеке қабылдап, қойылған сұрақтарға заң аясында жауап берілді.