Бишімбаевтың ұсталғаны расталды

Бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, ұсталған еді. Бұны Ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов растады, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

– Қазір мейрамхана қызметкерлері әрекетсіздік үшін жауапкершілікке тартыла ма деген сауалға қатысты тергеу бөлімінің қызметкерлері айналысып жатыр. Менің ойымша, олар сізге кейінірек түсініктеме береді. Қалғанына қатысты пікір білдіре алмаймын, – деді Сәкен Сәрсенов.

Оның айтуынша, Бишімбаев қазір қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бірақ ол «тергеу құпиясы үшін» оқиғаға қатысты бұдан әрі түсініктеме беруден бас тартты.