Қаланың экс-әкімі қамауға алынды

Облыстық прокуратура Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаевты жер қатынастары саласында алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлайды.

Дереккөзге сенсек, оны Атырау облысы прокуратурасының қызметкерлері 9 қараша күні ұстаған. Қазіргі уақытта экс-шенеунік уақытша ұстау изоляторында отыр.

Бұған дейін қыркүйек айында Атырауда жер телімдерін заңсыз сатқаны үшін үш шенеунік ұсталған еді.

 

Анықтама:

Қайрат Оразбаев 2020–2022 жылдары әкім қызметін атқарған. Қаңтардағы оқиғасынан кейін ол берген арызының негізінде қызметінен босатылды.

Оразбаев Атырау қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін негізінен мұнай саласында жұмыс істеді. Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің аппаратында, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында, «ҚазақОйл», «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-де басшылық қызметтер атқарған.