Исатай ауданының жаңа әкімі таныстырылды
Бүгін облыс әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Нұртаев 5 қарашада өткен аудан әкімінің пилоттық сайлауы нәтижесінде халық сайлаған Исатай ауданының жаңа әкімі Нұрым Мусинді аудан активіне таныстырды. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлайды.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Қабыл Ғұбашев сайлау қорытындысын жариялап, жаңадан сайланған аудан әкіміне тиісті куәлік табыс етті.
Нұрым Мусин Исатай ауданында дүниеге келген. Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолы:
2002 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Исатай аудандық филиалында ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етуші маман;
2004 жылдың тамыз-желтоқсан айларында Аққыстау селолық округінде маман, жетекші маман;
2004-2006 жылдар аралығында Исатай аудандық қазынашылық басқармасында жетекші маман, бас маман-қазынашы;
2006-2009 жылдар аралығында Исатай аудандық құрылыс бөлімінде бас маман-есепші;
2009-2011 жылдар аралығында Исатай ауданы әкімінің көмекшісі;
2011-2015 жылдар аралығында Исатай ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2015-2016 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалында кеңесші;
2016-2018 жылдар аралығында «Атамекен» ҰКП Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Исатай аудандық филиалында менеджер-кеңесші;
2018-2022 жылдар аралығында «Атамекен» ҰКП Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Исатай аудандық филиалының директоры;
2022 жылдың қыркүйек айынан 2023 сәуір айы аралығында «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, филиал төрағасы қызметтерін атқарды.
2023 жылдың сәуір айынан тағайындалғанға дейін Исатай аудандық мәслихатының төрағасы қызметінде болды.
Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін үш жылға жуық әкімдік қызмет атқарған Полымбет Хасановқа табысты еңбегі үшін ризашылығын білдірді.