Атыраулық полицейлер облыстық байқауға төрелік етті

«Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ»: атыраулық полицейлер облыстық байқауға төрелік етті. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлайды.

Атырау қаласында «Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен облыс көлемінде мектеп оқушылары арасында спорттық интеллектуалдық ойындарының эстафетасы өтті. Спорттық ойындарға Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева қазылар алқасының мүшесі ретінде төрелік етті.

– Есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру, мектеп оқушыларының физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық, психологиялық денсаулығын нығайту, төзімділікке тәрбиелеу, инновациялық технологияларды қолдана отырып, мектепке дейінгі мекемелерінің тәрбиеленушілері арасында осындай іс-шаралар кешені жиі ұйымдастырылып келеді. Синтетикалық есірткінің балалар болашағында орын жоғын насихаттау – қоғам алдындағы түйткілді тақырып, – деді, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева.

Қазылар алқасының шешімі бойынша І орынды Исатай ауданы, ІІ орынды Құрманғазы ауданы, ал ІІІ орынды Индер ауданы иеленді.

Эстафета барысында жүлделі орынға ие болған топтар кубоктармен, диплом және медальдармен марапатталды.