Спорт - 09.11.2023

Айбек Имашев – Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры

Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры қызметіне Имашев Айбек Әсетұлы тағайындалды. Бұл тралы БАТЫС.ИНФО хабарлайды.

Айбек Имашев 1992 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Дзюдодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Азия чемпионаты, әлем кубогтарының, Еуропа кубогтарының жеңімпазы.

Спорт мансабын аяқтағаннан кейін Маңғыстау облысы дзюдо құрамасының аға жаттықтырушысы, Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы, Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры қызметін Жылқыбаев Самат Сәбитұлы атқарып келді.