Атырауда Махамбет оқулары өтті

Атырауда облыстық Махамбет оқулары өз мәресіне жетті. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО Өңірлік коммуникациялар қызметіне сүйене отырып хабарлайды. 

Сайысқа өңірдің 8–11 сыныптың 70 оқушысы қатысып, бақ сынады. Қатысушылар тек батыр бабаның жырларын оқып қана қоймай, күйлерін орындап, шығармашылығы бойынша суреттер салып, поэзияға ғылыми тұрғыдан зерттеулер жасап, оқушылар өз өлеңдерін де арнады.

Нәтижесінде, «Ұлы арман» номинациясы бойынша 1-орынды Исатай ауданы, Ғ.Мәсәлімов орта мектебінің 9-сынып оқушысы Айымнұр Нұрғазина, «Ел құтқарар ер едім..» номинациясы бойынша 1-орынды Жылыой ауданы, №3 орта мектептің 11-сынып оқушысы Сағынбай Бейбарыс, «Шашақты найза, шалқар күй» номинациясы бойынша 1-орынды Құрманғазы ауданы, Ю.Гагарин орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрдәулет Нұрланов иеленді.

Байқауда 1-орынды иеленген жеңімпаздар енді республикалық Махамбет оқуларында бақ сынайды.