Жайыққа батып кеткен автокөлік шығарылды
17 қазан күні учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне бағытталған автокөлік іздерін анықтаған. Аталған хабарлама бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды, деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көлік ішінен 1971ж.т., 1981 ж.т., екі ер адамның мүрдесі анықталды. Дене жарақаттары анықталмаған. Бейнекамераларда 16 қазан күні, сағат 23:18 шамасында автокөліктің жоғары жылдамдықпен келіп Жайық өзеніне батқаны түскен.
Қазіргі таңда мүрделерге сот медициналық сараптамасы тағайындалды.