Атырауда 3 адамды көлік қағып кетті
16 қазан күні сағат 14:20 шамасында Атырау қаласы, Азаттық даңғылы бойында 1991 ж.т. азамат Opel Astra автокөлігін басқара отырып, реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен 3 адамды қағып, жол көлік оқиғасын жасаған, деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Салдарынан 1998 ж.т. азаматша және 1980 ж.т., 1967 ж.т. азаматтар жедел-жәрдем көлігімен Атырау облыстық ауруханасына жеткізіліп, жатқызылды.
Оқиға бойынша көлік құралы арнаулы тұраққа қойылып, тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Фото livekuban.ru сайтынан алынды.