Жаңалықтар - 02.10.2023

Қазақстанның кей жерлерінде жылу беріле бастады

Қазақстанның бірқатар өңірінде жылыту маусымы басталды. Ең алдымен, әлеуметтік нысандар жылытуға қосылады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда жылыту маусымы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында басталды.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23 немесе 96%-ы қосылған. Тұрғын үйлерге ыстық су берілді. Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша 90 әлеуметтік нысанның 26 немесе 28,8%-ы қосылған. Астана қаласында 240 әлеуметтік нысанның 86 немесе 35,8%-ы қосылған.

3 қазанда Алматы облысында, 10 қазанда Ұлытау облысында, 15 қазанда Алматы, Абай, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жылыту маусымы басталады.

Ал Шымкентте 20 қазаннан, Түркістан облысында 25 қазаннан бастап жылу беріледі.

 

Фото egemen.kz сайтынан алынған.